«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 513 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 513 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32584 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында ол ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.