«Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 648 бұйрығы

«Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 648 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15554 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында:

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) абонент (желі қолданушы) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді пайдалану және байланыс - берілген индексі бар және өз қызметінде электр байланыс желісін қолданушы ұйым, қызмет немесе лауазымды тұлға;

2) абсолюттiк биiктiк - теңіздің орташа (MSL) деңгейінен нүкте ретінде қабылданған нүкте немесе нысан деңгейіне дейінгі тік сызық бойынша қашықтық;

3) авариялық жағдай - әртүрлі мән-жайлар кезіндегі айқынсыздық кезеңін, алаңдаушылық кезеңін немесе апат кезеңін білдіретін жалпы термин;

4) авариялық хабардар ету қызметі - іздестіру және құтқару қызметінің көмегіне мұқтаж әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарды хабардар ету үшін ұсынылатын қызмет көрсету және осындай ұйымдарға қажетті көмек көрсету;

5) авиациялық әуе электр байланысы - борттық және авиациялық тіркелген станциялар немесе борттық станциялар арасындағы электр байланысы;

6) авиациялық радиобайланыс - ең бастысы аэронавигацияның қауіпсіздігін, сондай-ақ әуе хабарламаларының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге арналған белгілі тіркелген пункттер арасындағы авиациялық әуе электр байланысы мен радиобайланысы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.