Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасын мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 418 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында білім алушылардың кәсіптік практикасын мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 26 тамыздағы
№ 418 бұйрығымен бекітіліген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында
білім алушылардың кәсіптік практикасын мен тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер