ҚР СТ 1.40-2025 «Стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу құнын есептеу әдістемесі»

ҚР СТ 1.40-2025

Стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу құнын есептеу әдістемесі

 

 

Мазмұны

 

1. Қолданылу саласы

2. Нормативтік сілтемелер

3. Терминдер мен анықтамалар

4. Стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеу құнын бағалау

А қосымшасы (міндетті)

Библиография

 

 

1. Қолданылу саласы

 

Осы стандарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 35-бапқа сәйкес қаржыландырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу құнын есептеу әдістемесін белгілейді [1].

 

 

2. Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартты қолдану үшін мынадай стандарттау жөніндегі сілтемелік құжаттар қажет:

ҚР СТ 1.1-2019 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесі. Терминдер мен анықтамаларды стандарттау.

ГОСТ 1.1-2002 Мемлекетаралық стандарттау жүйесі. Терминдер мен анықтамалар.

 

Ескертпе - Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарттар мен жіктеуіштердің қолданысын ағымдағы жылғы жай-күйі бойынша жыл сайын басып шығарылатын стандарттау жөніндегі құжаттардың каталогы және ағымдағы жылы жарияланған, мерзімді басып шығарылатын тиісті стандарттардың ақпараттық сілтемелері бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай жойылса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.

 

 

3. Терминдер мен анықтамалар

 

Осы стандартта ҚР СТ 1.1 және ГОСТ 1.1 бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:

3.1 Уақыт нормасы: Стандарттау жөніндегі бір құжатты әзірлеуге қажетті уақыттың белгіленген шамасы.

 

 

4. Стандарттау жөніндегі құжатты әзірлеу құнын бағалау

 

4.1 Стандарттау жөніндегі құжатты (барлық түрлерін) әзірлеу құнын бағалауды Сст, теңге, (1) формула бойынша есептейді:

 

 

мұнда Сст1 - стандартты, ұсынымдарды әзірлеу, қайта қарау және өзгеріс енгізу құны, теңге;

Сст2 - стандарттау жөніндегі құжаттың жобасын сараптау құны (барлық түрлері), теңге.

 

Ескертпе

1 Сст1, сондай-ақ аударма, түзету және баспалық редакциялау жұмыстарын қамтиды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.