Сәтбаев қалалық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 42 шешімі
ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 014 178 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 7 211 381 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 44 802 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 87 569 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 4 670 426 мың теңге;
2) шығындар – 13 589 442 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 1 575 264 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 1 575 264 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 575 264 мың теңге.»;
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Жергілікті атқарушы органның 2023 жылға арналған резерві 48 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 28 шілдедегі
№ 42 шешіміне қосымша
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№240 шешіміне қосымша