«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 428 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 554 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:
Осы бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
«Жастар саясатын үйлестіру басқармасы» бөлімінде:
«іске асыру» бөлімінде:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру».
«Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы» бөлімінде»:
«іске асыру» бөлімінде:
он сегізінші абзац алып тасталсын.
«Мониторинг және талдау басқармасы» бөлімінде:
«реттеуші» бөлімінде:
екінші абзац алынып тасталсын.
«Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы» бөлімінде: