«Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығы (2024.01.11. берілген өзгерістермен)

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығы

(2024.01.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2024.14.10. № 367 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 267) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

 

В. Школьник

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жылғы «____»________

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов

2015 жылғы 7 сәуір

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.