Осы редакция 2022 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.13.05. № 238 бұйрығымен әлеуметтік қызмет көрсету стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына 1-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
(2021.16.06. берілген өзгерістермен)
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды (бұдан әрі - балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі - мүгедектер);
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі - қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.
2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары