«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығы (2025.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығы

(2025.24.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.06.08. № 584 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 11-бабы 3-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.06.08. № 584 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (М.Ш. Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.