Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы
(2025.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің 2022.31.10. № 340 бұйрығымен (2023 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.01. № 22-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы» ереженің 15-тармағы 270)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларын орнату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік оның көшірмесін он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс - шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
ҚР Энергетика министрінің 2022.22.02. № 64 бұйрығымен қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының