Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 44 бұйрығы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: