«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 3 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 3 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасы (бұдан әрі - Әдіснама) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін және халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.»;

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) бағаларды тіркеу - тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың, әкімшілік және балама деректердің негізіндегі бағалар мониторингі;»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Баға тұтыну тауарларына базалық объектілерді аралау және оларды затбелгілерден (бағалықтан) санау арқылы мамандармен тіркеледі, қажет болған жағдайда базалық объектілердің білікті қызметкерлерімен консультация немесе базардағы сатушыларға пікіртерім жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.