«2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы №94-15/1 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 мамырдағы № 121-19/1 шешімі
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 94-15/1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 53 725 273,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 9 283 066,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 928 405,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 9 059 660,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 34 454 142,3 мың теңге;
2) шығындар – 44 969 552,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 238 310,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 3 725 933,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 487 623,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 003 600,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 1 003 600,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 513 810,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -4 513 810,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 3 725 933,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 9 056 639,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 816 895,1 мың теңге.».
Аталған шешім мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жергілікті атқарушы органының резерві 6 682,4 мың теңге сомасында бекітілсін.».
2. Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының
2022 жылғы 18 мамырдағы
№121-19/1 шешіміне қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының