«Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1-2553 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 514-2236 Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 205-4170 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1-2553 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: