«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 05/01 Қаулысы (күші жойылды)

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 05/01 Қаулысы

 

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 42/01 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11959 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3765 болып тіркелген 2016 жылғы 13 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 мамырдағы № 57-58 (22002-22003) «Индустриальная Караганда» газетінде және № 76 (22181) «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулыалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.