«Белгіленген нормалар мен қағидалар жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттарды келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 351 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 28 қазандағы № 393 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Белгіленген нормалар мен қағидалар жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттарды келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36681 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Белгіленген нормалар мен қағидалар жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттарды келісу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әзірлеуші (қоса әзірлеуші) - АТШ әзірлеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген, бұдан әрі - Аккредиттеу қағидалары) сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген ұйым;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тапсырыс беруші немесе оның өкілі басшының немесе оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған АТШ-ны «Documentolog» электрондық құжатайналымы жүйесі арқылы уәкілетті органның ведомствосына қарауға және келісуге жолдайды.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: