(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ...

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2020 жылғы 1 сәуірдегі

№ 175 бұйрығына

2-қосымша

 

Осы редакция 2022 жылғы 24 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жобалау қызметіне лицензия беру»

 мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленген және жобалау қызметіне лицензия беру рәсімін регламенттейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

2) біліктілік талаптары - өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;

3) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;

4) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.

3. «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.