Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 537 бұйрығы
(2025.24.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 141-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесінің 59-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.