(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУГЕ ЖАТПАЙТЫН ...

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығы

(2024.15.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

 

А. Ескараев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2023 жылғы 26 маусымдағы

№ 408 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2024.08.10. № 837 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер.

2. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.

3. Бюджет түсімдерін бюджет деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққамүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық акт.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.