«Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы № 653/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 494/НҚ бұйрығы

«Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы № 653/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 494/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы № 653/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35279 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Реинжиниринг Цифрлық трансформация қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын бизнес-процестердің электрондық тізілімінде жоспарланып отырған қызметті автоматтандыру болған жағдайда Автоматтандыру бастамашысы сервистік интеграторға оны ПБӨ әзірлеу жолымен іске асыру мүмкіндігі туралы сұрау салуды жібереді.

Сервистік интегратор бес жұмыс күні ішінде сұрау салуды қарайды және Автоматтандыру бастамашысына ПБӨ әзірлеу жолымен автоматтандырылған қызмет үшін қалыптастыру қажеттілігі туралы ұсынымдар жібереді:

1) BPMN нотациясындағы процестің нысаналы нұсқасының сипаттамасы;

2) ПБӨ әзірлеу құнын есептеу үшін базалық параметрлер.

ПБӨ әзірлеу жолымен автоматтандыру мүмкін болмаған жағдайда, сервистік интегратор қызметті автоматтандырудың өзге тәсілдерін көрсете отырып, ұсынымдарды Автоматтандыру бастамашысына жібереді.»;

1-қосымша алып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.