«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 95 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 - тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) жарғысы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) жарғысы осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес;»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің (Астана қаласы) Жарғысы»;
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: