3-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 173-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың» деген сөздер «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 439-бапта:
тақырыптағы «Сыбайлас» деген сөз «Әкімшілік сыбайлас» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті мемлекеттік органға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау -»;
3-тармағының 6) тармақшасының бірінші - отызыншы абзацтары 2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 676, 677, 678 және 680-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«676-бап. Жеке тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не көрсетілетін қызметтерді ұсынуы
Жеке тұлғаның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не көрсетілетін қызметтерді ұсынуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта және осы Кодекстің 677, 678-баптарында шет мемлекеттің лауазымды адамы деп:
1) шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бір лауазымды атқаратын адам;
2) шет мемлекет өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам түсініледі.
2. Осы бапта және осы Кодекстің 677, 678-баптарында халықаралық ұйымның лауазымды адамы деп:
1) халықаралық шарт негізінде мемлекеттер құрған халықаралық ұйымда басшы лауазымды атқаратын және (немесе) халықаралық қызметші болып саналатын адам;
2) осындай халықаралық ұйым өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам түсініледі.
677-бап. Заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді не көрсетілетін қызметтерді алу
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының өзі немесе басқа адамдар үшін заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, жеке өзі немесе делдал арқылы осыларды алуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
678-бап. Заңды тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы беруі
1. Заңды тұлғаның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға не лауазымды адамға не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына осы заңды тұлғаның немесе оның өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүлік, мүліктік сипаттағы пайда түрінде заңсыз материалдық сыйақы беруі -
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының отыз еселенген сомасы немесе құны, бірақ кемінде жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, айтарлықтай мөлшерде жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының қырық еселенген сомасы немесе құны мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының елу еселенген сомасы немесе құны мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекет -
заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақының алпыс еселенген сомасы немесе құны мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта:
1) заңсыз материалдық сыйақының айлық есептік көрсеткіштің елуден үш мыңға дейінгі мөлшері айтарлықтай мөлшер деп танылады;
2) заңсыз материалдық сыйақының айлық есептік көрсеткіштің үш мыңнан асатын және он мыңға дейінгі мөлшері ірі мөлшер деп танылады;
3) заңсыз материалдық сыйақының айлық есептік көрсеткіштің он мыңнан асатын мөлшері аса ірі мөлшер деп танылады.
2. Заңды тұлға, егер заңсыз материалдық сыйақыны қорқытып алу орын алса немесе егер осы заңды тұлға құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға заңсыз материалдық сыйақыны бергені туралы өз еркімен хабарласа, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылықтан босатылады.»;
«680-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамау немесе уақтылы қабылдамау
23тармағының 6) тармақшасының отыз бірінші, отыз екінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген, өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы жағдайларын реттеу жөніндегі шараларды қабылдамауы немесе уақтылы қабылдамауы, оның ішінде мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыруы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3-тармағының 6) тармақшасының отыз үшінші - отыз алтыншы абзацтары 2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
2. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның, лауазымды адамның дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өздеріне мәлім болған жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өзі жұмыскері болып саналатын мемлекеттік орган не ұйым не квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізбеуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдардың жоғары тұрған басшыларының, мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылығының, уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы келіп түскен хабар бойынша шаралар қабылдамауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
23тармағының 6) тармақшасының отыз жетінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Ескертпе. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мүдделер қақтығысы туралы хабардар етілген немесе қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдеме жасалған жағдайда, осы бөлікте аталған адамдар осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттері үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
7) 747-баптың алтыншы бөлігіндегі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі органдары» деген сөздер «ұлттық қауіпсіздік органдары және экономикалық тергеп-тексеру қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 786-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында:
«30)» деген цифрлар «30-1)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері» деген сөздер тиісінше «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның», «ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 790-баптың үшінші бөлігіндегі «органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздер «, ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 804-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680, 681-баптары» деген сөздер «677, 680-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 681-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының - арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 590 (2-1, төртінші және 4-1-бөліктері), 596 (үшінші және 4-1 бөліктері), 598 (екінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші және үшінші бөліктері), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (бірінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, 434, 434-2, 652, 667, 676, 677, 680-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506-бабы бойынша өзге де адамдарға қатысты, 681-бабы бойынша әскери бөлімдердің лауазымды адамдарына қатысты, 676, 677, 680-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, 681-бабы бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының лауазымды адамдарына қатысты;»;
6) тармақшадағы «677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680, 681-баптары» деген сөздер «677, 680-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 681-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 439, 661, 679, 680, 681-баптар);»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін 3-тармақтың 10) тармақшасының тоғызыншы абзацы осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
«30-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 439, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678 және 680 (екінші және үшінші бөліктері)-баптар);»;
60) тармақша «661,» деген цифрлардан кейін «680,» деген цифрлармен толықтырылсын.
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы - он бесінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының бірінші - отызыншы, отыз үшінші - отыз алтыншы абзацтарын;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші - бесінші, он алтыншы - он тоғызыншы абзацтарын, 2), 4) - 9) тармақшаларын, 2-тармағы 3) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 6) тармақшасының отыз бірінші, отыз екінші және отыз жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 10) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«30-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 439, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677 және 678-баптар);».
3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы тоғызыншы абзацының қолданысы 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149 (екінші және үшінші бөліктерінде), 174, 182, 255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 287 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 297-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 362 (бірінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 370-1, 370-2 (екінші және үшінші бөліктерінде), 371, 388-1, 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 413, 414 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 415, 416 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 437 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (төртінші бөлігінде), 442 (төртінші бөлігінде), 444, 450, 451, 452, 452-1, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 12 маусым
№ 312-VIII ҚРЗ