«Қылмыстық жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 104 бұйрығы (күші жойылды)

Қылмыстық жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 104 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2021 жылғы 21 қазандағы № 137 бұйрығымен күші жойылды

 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Қылмыстық жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Күші жойылған деп танылсын:

1)«Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10202 тіркелген, 2015 жылы 27 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2)«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 172 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14554 тіркелген, 2016 жылы 30 желтоқсанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Күшіне енген сот актілерінің және олардың орындалу заңдылығын қадағалау Департаменті (екінші қызмет):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.