«2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабы үшінші бөлігінің «қылмыстық топ» деген сөздерге қатысты және 262-бабының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысының 11 және 13-тармақтарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 72-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТЫНАН
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, Қ.Т. Жақыпбаев, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Е.Ә. Оңғарбаев, Р.А. Подопригора және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда,
өтініш субъектісі М.Д. Жупказиевтің,
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі - Заңнама департаментінің директоры Д.А. Сүлейменовтің,
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі - 1-тергеу басқармасының басшысы О.С. Тажмаганбетовтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Бас Прокурордың кеңесшісі Т.Б. Адамовтың,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімінің бас консультанты Р.Т. Байтеленовтің,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының өкілі - Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.А. Сартаеваның,
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының өкілі - бас ғылыми қызметкер Н.Н. Турецкийдің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілі - арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры В.В. Ханның,
сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қ.І. Нұровтың қатысуымен,