Атырау облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 156 Қаулысы
Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 152 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. «Атырау облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 156 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 156 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің
үлгілік қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Атырау облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары» (бұдан әрі - Үлгілік қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.