«Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 1 қазандағы № 323 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Пойыздарға теміржол жылжымалы құрамы қойылмайды:
тексеріліп, пайдаланылуға жарамды деп танылғанға дейін рельстен шыққан;
тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етпейтін, сондай-ақ олардың жүк көтергіштігінен тыс тиелген немесе тиеудің техникалық шарттарын бұза отырып тиелген вагондардың жай-күйі;
2025 жылғы 1 қазаннан кейін қызмет мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар орындалған жүк вагондарын қоспағанда:
1) шаруашылық поездарға қосылатын және теміржол жолдарының құрылыстары мен құрылыстарын күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған арнайы теміржол жылжымалы құрамы;