«Хабарламалардың нысандарын, оларды толтыру және ұсыну тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 375-НҚ бұйрығы

Хабарламалардың нысандарын, оларды толтыру және ұсыну тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 375-НҚ бұйрығы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының төтенше шаралары туралы хабарлама нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберінде қарапайым хабарлама нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберінде қарапайым хабарлама нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының техникалық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысуы туралы қарапайым хабарлама нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының Санитариялық және фитосанитариялық шараларын қолдану жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберіндегі хабарламаға толықтыру нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының санитариялық және фитосанитариялық шараларын қолдану жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберіндегі хабарламаға түзету нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.