«Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 346-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 385 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 135-н/қ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35944 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергиясын және жылу жеткізгішті есепке алу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі - уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) - жылумен жабдықтау субъектілерінің уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы жылу энергетикасы саласындағы отын-энергетика кешенінің деректерін жинауға, өңдеуге, мониторингтеуге және талдауға арналған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Жылу энергиясын есепке алу аспаптары деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне одан әрі бере отырып, жылумен жабдықтау субъектісінің серверіне автоматты режимде көрсеткіштерді беру құрылғыларымен жобаланады және орнатылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын: