«Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 54 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Беларусь Республикасы немесе Ресей Федерациясын қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілген немесе басқа мемлекеттерден әкелінетін автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемін есептеу автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының әрбір түрі және санаты бойынша 4-қосымшаға сәйкес мынадай түрде жүргізіледі:
По = Базалық мөлшерлеме *коэффициент 1,
мұнда По - өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын автокөлік құралының немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігіне қатысты кәдеге жарату төлемі.
Беларусь Республикасы немесе Ресей Федерациясын қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілген немесе басқа мемлекеттерден әкелінетін автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемін есептеу автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының әрбір түрі және санаты бойынша 4-қосымшаға сәйкес мынадай түрде жүргізіледі:
По = Базалық мөлшерлеме *коэффициент 2,
мұнда По - өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын автокөлік құралының немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігіне қатысты кәдеге жарату төлемі.»;