«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аппарат басшысының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 182 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысының міндетін атқарушының 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 18-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысы | Ә. Ахмедьяров |