(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН РАСТАУ МАҚС...

Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 74 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 113 бірлескен бұйрығы

 

Осы редакция 2022 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.