Қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 21/237 «2019-2021 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 13 наурыздағы № 24/261 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 24/298 «Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/265 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3832 болып тіркелген) сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 21/237 «2019-2021 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3773 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2019 жылға арналған қалалық бюджет тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 33 839 805,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 21 232 075,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 110 067,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 863 588,3 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 9 634 073,5 мың теңге;
2) шығындар - 31 402 091,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 003 121,9 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 4 003 787,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 665,6 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;