(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БІЛІКТІ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ҒАНА САТЫП...

Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 Қаулысы

(2013.27.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:

1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізіміне енгізілмеген Қазақстан Республикасының резиденттері емес ұйымдардың бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;

2) инвестициялық тәуекелі бар инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;

3) қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор және (немесе) тауар биржаларында айналысқа түспейтін туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары.

2. Осы қаулының 1-тармағы 3) тармақшасының талабы:

1) базалық активтері осы қаулының 1-қосымшасында айқындалған, мынадай талаптардың бірі сақталған жағдайда ұйымдастырылмаған нарықта жасалатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелерге:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.