«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 336 бұйрығы
(2023.01.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 139 бұйрығымен күші жойылды
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы қағидалардың 10-тармағы 13) және 14) тармақшаларын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | А. Аймағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 10 тамыздағы
№ 336 бұйрығына 1-қосымша
Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін
басым мамандықтар тізбесін бекіту және «Болашақ» халықаралық
стипендиясының шекті санын анықтау жөніндегі комиссия туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.01.08. № 376 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)