Режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатыла тұратын Каспий теңізі жағалауындағы учаскелерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 461/қе-қа бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін теңіз экономикалық қызмет аудандарын (теңіз порттары, су тәрізді арналар, газ терминалдары, теңіз дәліздері және фарватерлер) қоспағанда, Сағындық мүйісінен бастап Ракушечный мүйісіне дейін Каспий теңізінің қазақстандық секторында режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатылсын.