«Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 120 Қаулысы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Абай облысының су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 28-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының 1-абзацының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Абай облысның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | Н. Уранхаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша