Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 654 бұйрығы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 7-5-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1),2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.