«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 30 маусымдағы № 297-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 30 маусымдағы № 297-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27917 болып тіркелген);

2)«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырмаларының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 291-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34712 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.