Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының қазақстандық тарапының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 299-Ө бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 19-тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының қазақстандық тарапының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының қазақстандық тарапының құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 335-Ө, «Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан Ресей комиссияның қазақстандық тарапының кұрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 335-Ө бұйрығына өзгepicтep енгізу туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 460-Ө бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрінің
2023 жылғы 31 қазандағы
№ 299-Ө бұйрығына қосымша
Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі
Қазақстан-Ресей комиссиясының қазақстандық тарапының
құрамы
| Мансұр Тұрсынұлы Ошурбаев
| - | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, комиссияның тең төрағасы;
|