«Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 88 Қаулысы

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 88 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.