ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
8-қосымша
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 166 бұйрығына
9-қосымша
«Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп
(101.04-нысан)» салық есептілігін жасау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомаларын есептеуге, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылатын табыстардың сомаларын, шартты банк салымында орналастырылған сомаларды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 648-бабына сәйкес салық агентi жасайды.
2. Есеп осы есептің өзінен (101.04-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.04) тұрады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Есепке қосымша есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.
7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
8. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.
9. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.