Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 тамыздағы
№ 204 қаулысымен бекітілген
«Оралман мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 үй, телефон: 8 (7112) 241834 мекенжайында орналасқан «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 маусымда № 11342 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:
1) оралман мәртебесін алуға алғаш рет жүгінген жағдайда - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдары (бұдан әрі - ХҚО);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) ХҚО-ға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінгенде - көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушімен тіркеген сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;