«Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1286 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15266 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабының 2-тармағына және 120-3-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: