«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 201-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабының 28) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру тәртібін айқындайды.»;
1-тармағының бесінші, алтыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы (бұдан әрі - ұжым басшысы) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді (бұдан әрі - өтінім) жергілікті атқарушы органның кеңсесіне немесе «цифрлық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elisence.kz (бұдан әрі - портал) арқылы береді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: