«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 201-НҚ бұйрығы

«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 201-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабының 28) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру тәртібін айқындайды.»;

1-тармағының бесінші, алтыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы (бұдан әрі - ұжым басшысы) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді (бұдан әрі - өтінім) жергілікті атқарушы органның кеңсесіне немесе «цифрлық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elisence.kz (бұдан әрі - портал) арқылы береді.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.