«Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 520 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2023 жылғы 15 қарашадағы № 79 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6668 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) авиакомпания - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) авиакомпанияның коды - авиатасымалдаушыны ақпараттарды қалыптастыру, беру және сақтау жүйесінде сәйкестендіру үшін рейсті белгілеудің құрама бөлігі ретінде пайдаланылатын символдардың (әріп-әріп, сан-әріп, әріп-сан) үйлесімі;
3) жазғы маусым - жартыжылдық, наурыздың соңғы жексенбісінде басталатын және қазанның соңғы сенбіде аяқталатын іс-қимыл;