(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ...

2019-2021 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 21/237 шешімі

 

Осы редакция 2019 жылғы 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 32 168 752,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 22 008 696 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 109 818 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 416 165,3 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша - 9 634 073,5 мың теңге;

2)шығындар - 29 721 572,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 872,1 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 3 787,5 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 915,4 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 444 308,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 444 308,5 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері - 3 787,5 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 2 448 096 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге.

2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленгені ескерілсін:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 15,1 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 100 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100 пайыз;

әлеуметтік салық - 15 пайыз.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.