Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 бірлескен бұйрығы
(2019.03.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 129-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 178-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;