(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ...

2024-2026 жылдарға арналған Қосшы қаласының бюджеті туралы
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 78/17-8 шешімі

(2024.28.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына сәйкес, Қосшы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ақмола облысы Қосшы қаласы мәслихатының 2024.28.02. № 106/23-8 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 13 267 547,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 1 830 040,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 63 723,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 81 489,0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 11 292 295,0 мың теңге;

2) шығындар - 13 275 053,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 7 384,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 7 384,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 14 890,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 14 890,2 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабының 1-тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:

1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша облыстық бюджетке 50%, Қосшы қаласының бюджетіне 50%;

2) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;

3) Қосшы қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.