«2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 580 Қаулысы

«2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 580 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «2016 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы»;

1-тармақта:

3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«3) «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі;»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі бекітілсін.»;

аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.